Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жүректен шыққан әсем әуен» қайырымдылық концерті
09.11.2026
9 қараша күні Л. Н. Толстой атындағы кітапханада «Жарқын әлем» қоғамдық бірлестігі «Ақ таяқ» айлығы аясында көру қабілеті бұзылған жандарға арнап «Жүректен шыққан әсем әуен» атты қайырымдылық концертін өткізді.
Концерттік бағдарламаға қатысқан әншілер мен музыканттар домбыра мен фортепианода шығармаларды шебер орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Фонограммасыз орындалған музыка мен жүрекке жылы әндер қонақтардың көңілінен шығып, олар өнерпаздарға деген алғыстарын дүрілдете соққан шапалақтарымен білдірді.
Бұл іс-шара барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоциялар сыйлап, әрбір көрерменнің жүрегінен орын тапқан қолжетімді, ашық әрі адамдарды біріктіретін өнердің жарқын үлгісіне айналды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП