«Үстел үстіндегі текетірес»
09.11.2026
9 қарашада көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар арасында «Үстел үстіндегі текетірес» тақырыбымен үстел ойындарынан сайыс өтті, ол «Ақ таяқ» айлығы аясында ұйымдастрылды. Жарысқа «Дода» клубының мүшелері қатысып, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындары бойынша өзара бақ сынасты.
Дәуітбаев Өтеген Есентайұлының жарыстың бас төрешісі болуы сайысқа ерекше спорттық құмарлық беріп, қатысушыларға жігер сыйлады. Іс-шара барысында жылы әрі достық атмосфера қалыптасып, әділ бәсекелестік рухы айқын сезілді. Барлық ойыншылар жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген жігері мен табандылығын көрсетті.
Сайыс бейімделген спорт пен зияткерлік ойындардың көру қабілеті бұзылған жандарға өз қабілеттерін ашуға, логикалық ойлауын дамытуға, есте сақтау қабілетін шыңдауға және қоғам өміріне белсенді араласуға зор мүмкіндік беретінін көрсетті.