«Қоғам үнін жеткізген қаламгер»
09.11.2026
9 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әдебиетші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген журналисі Серік Шайманның туғанына 80 жыл толуына арналған «Қоғам үнін жеткізген қаламгер» атты әдеби экспозиция ұйымдастырылды.
Экспозиция Серік Шайманның өмірі мен шығармашылық жолын еске алуға, оның еңбегін бағалауға, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар, адам тағдыры мен дәуір тынысы көрініс тапқан шығармаларын жас ұрпаққа таныстыруға мүмкіндік береді.
Көрмеге Серік Шайманның өмірі мен шығармашылық жолы туралы материалдар, оның кітаптары, сондай-ақ түрлі мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары қойылған. Ұсынылған материалдар оқырмандарды қаламгердің әдеби және журналистік мұрасымен жан-жақты таныстырып, шығармаларының тақырыптық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және оның қазақ журналистикасының дамуына қосқан елеулі үлесін бағалауға мүмкіндік береді.
Отандық әдебиет пен журналистиканың көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасын сақтау – ұрпақтар сабақтастығының рухани негізін нығайтуға бағытталған кітапхананың мәдени-ағартушылық жұмысының маңызды бағыттарының бірі.