Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Чемпион. Спортшы. Тұлға»
09.11.2026
9 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жерлесіміз, КСРО спорт шебері, еркін күрестен КСРО чемпионы Әбілов Қайрат Құбайұлына арналған «Чемпион. Спортшы. Тұлға» атты кітап көрмесін ұсынады.
Көрмеге баспа басылымдарынан алынған материалдар, фотосуреттер, дипломдар мен марапаттардың көшірмелері, сондай-ақ көрнекті балуанның өмір жолын, спорттық жетістіктері мен адами қасиеттерін танытатын отбасылық мұрағат құжаттары қойылған.
Экспозиция келушілерге Қайрат Құбайұлының табысқа жету жолымен жақынырақ танысуға және оның отандық спорттың дамуына қосқан үлесі туралы білуге мүмкіндік береді. Көрмеге қойылған жәдігерлер чемпионның жарқын жеңістерімен қатар, оның қайсар мінезін, табандылығы мен мақсатқа деген ұмтылысын да айқындай түседі.
Баршаңызды көрмені тамашалап, өмір жолы өз ісіне адалдықтың, табандылық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі болып табылатын даңқты спортшының өмірбаянымен танысуға шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП