Өлкетану әдебиетері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілетуге арналған «Кітап және қаламгер» жобасы аясында оқырмандар назарына Болат Кенешовтың «Несентиментальная проза» повесіне арналған бейнешолуды ұсынады.
Бұл шығарманы 1920 жылдардың ортасынан 1950 жылдардың басына дейінгі аралықтағы Қостанай өңірі тарихының күрделі кезеңдерін көрсетіп берген жылнама деуге болады. Автор оқырманға тағдырдың ауыр сынақтарын бастан өткеріп, түрлі қиындықтарды жеңе білген, қанша қиын болса да болашаққа деген сенімін жоғалтпаған адамдар жайында баяндайды. Повестің негізгі арқауына адамгершілік қарым-қатынастар, отбасылық құндылықтар, адалдық пен махаббат тақырыптары өзек болған. Қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, шығарма кейіпкерлері отбасын құрып, бала тәрбиелеп, жақындарының жарқын болашағы үшін адал еңбек етуді жалғастырады.
Кейіпкерлердің бастарынан өткен оқиғалары арқылы өңір тарихында өшпес із қалдырған тұтас бір дәуірдің тыныс-тіршілігі көрініс табады.
Барша әдебиет сүйер қауымды бейнешолуды тамашалауға, Болат Кенешовтың шығармашылығымен жақынырақ танысуға және туған өлкенің өткен тарихына көз жүгіртуге шақырамыз.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://youtube.com/shorts/XZU3IxHVTFY