Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тебіренсем періштелер тілінде»
23.10.2026
23 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жанат Әскербекқызының 60 жылдық мерейтойына орай Қостанай автомобиль көлігі колледжінде «Тебіренсем періштелер тілінде» атты әдеби сағат өткізді.
Іс-шараның қонағы болған № 4 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрбекова Айнұр Жомартқызы ақын поэзиясының өзіндік ерекшеліктері мен оның маңызды шығармалары туралы айтып берді. Қатысушылар назарына ақынның шығармашылығы туралы бейнероликтер ұсынылып, автордың өз өлеңін оқыған аудиожазбасы тыңдатылды.
Кездесудің көркін колледж студенттерінің мәнерлеп оқыған өлеңдері мен іс-шараға ерекше ұлттық реңк берген күйдің жүректің түбіне жетер қоңыр үні аша түсті.
Әдеби сағат қатысушыларға қазіргі қазақ поэзиясының әлеміне бойлап, Жанат Әскербекқызының ұлттық әдебиетке қосқан үлесімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП