Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тәуелсіздік тұғыры – Қостанай ғұмыры»
22.10.2026
22 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында «Тәуелсіздік тұғыры – Қостанай ғұмыры» атты кітап көрмесіне көшпелі шолу ұйымдастырды.
Іс-шара ғалымдардың, оқытушылардың және қоғам қайраткерлерінің басын қосқан «Қазақстанның тәуелсіздігі және конституциялық жаңғыруы: тарихи тәжірибе, өңірлік даму және келешегі» атты ғылыми-практикалық конференция аясында өтті.
Көрме бірден үш маңызды тарихи белесті: Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығын, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануын және Қостанай облысының 90 жылдығын қамтыды. Ұсынылған әдебиеттер мен мұрағат материалдары қатысушыларға өңірдің құрылған кезеңінен бастап Әділетті Қазақстанды құру дәуіріндегі бүгінгі жетістіктеріне дейінгі даму жолын көрнекі түрде зерделеуге мүмкіндік берді.
Конференцияға қатысушылар көрменің ақпараттық мазмұнына жоғары баға беріп, мұндай кітап көрмелеріне шолу жасау тарихи жадыны сақтауда, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуде және өңірдің ғылыми мұрасын насихаттауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Көрме Қостанай облысының дамуы мен еліміздің егемендік жағдайындағы тұтастай өркендеуінің арасындағы өзара тығыз байланысты көрсетті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП