Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Республика күні – Қазақстан мемлекеттілігінің нышаны»
20.10.2026
Республика күні қарсаңында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшін «Республика күні – Қазақстан мемлекеттілігінің нышаны» патриоттық сағатын өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму тарихы, тәуелсіздіктің маңызы және Конституцияның мемлекеттілікті нығайтудағы рөлі, сондай-ақ жаңартылған Негізгі заңның басты ережелері мен жаңалықтары туралы сөз болды.
Әскери қызметшілерге Қазақстан тарихы мен ел Конституциясына арналған кітап көрмесіне қысқаша шолу ұсынылды. Сондай-ақ Республика күні, қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы және Конституцияның қабылдануы туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу соңында патриотизмнің, азаматтық жауапкершіліктің және елдің мемлекеттік құндылықтарын құрметтеудің ерекше маңызы атап өтілді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП