Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер топтамасын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға қостанайлық ақын, драматург, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» атты кітабын ұсынамыз.
Серік Тұрғынбекұлының бұл «Кейкі батыр» туындысы халық батыры Кейкі Көкембайұлының өмір жолы мен қаһармандық тағдырына арналған. Автор батыр өмір сүрген күрделі тарихи кезең, оның ерлігі, батылдығы мен туған жеріне деген адалдығы туралы баяндайды. Шығармада тарихи оқиғалар, адамдардың тағдыры және қазақ халқының ұлттық рухы жарқын көрініс тапқан. Автор көркем сөз арқылы Кейкі батырдың өз халқының өр мінезді қорғаушысы ретіндегі бейнесін ашып, оның туған өлке тарихында өшпес із қалдырғанын көрсетеді. Кітап Қазақстан тарихына, тарихи тұлғалардың өміріне және Торғай өңірінің қаһармандық өткеніне қызығатын оқырмандарға арналған.
Для просмотра перейдите по ссылке:
https://www.youtube.com/watch?v=7nXWLWH3D8M