«Жазғаны жұртқа жаққан жұмбақ жан»
02.10.2026
2 қазанда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында жазушы Юлиан Семенович Семеновтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жазғаны жұртқа жаққан жұмбақ жан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Юлиан Семенович 1931 жылы 8 қазанда Мәскеуде дүниеге келген. Жазушы, журналист, сценарийші және қоғам қайраткері. Ол детективтік және өткір сюжеттік жанрдың ең танымал шеберлерінің бірі ретінде отандық әдебиет тарихына енді. «Семнадцать мгновений весны», «Петровка, 38», «Противостояние», «ТАСС уполномочен заявить…», «Майор Вихрь» романдары және т.б. оқырмандар арасында ерекше танымал болды. Олардың көпшілігі экранға шығарылды.
Көрмеде жазушының әдеби мұрасының алуан түрлілігін байқауға мүмкіндік беретін оның ең танымал шығармалары ұсынылған. Юлиан Семеновтың шығармашылығы динамикалық сюжетімен, тарихи материалды терең білуімен, егжей-тегжейге назар аударуымен және адамды өз заманының қиын жағдайларында көрсетуге деген ұмтылысымен ерекшеленеді.
Көрме детективтік және шытырман оқиғалы әдебиетті, тарихты, өткір сюжетті шығармаларды сүйетіндер үшін, сондай-ақ ХХ ғасырдың ең көп оқылатын және ерекше жазушыларының бірінің шығармашылығымен танысқысы келетіндердің барлығы үшін қызықты болады.