Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Экскурсия»
01.10.2026
1 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының педагог-математиктерін қабылдады.
Экскурсия аясында қонақтар кітапхананың құрылымымен және жұмысымен танысты, негізгі бөлімдерге барып, өздерінің кәсіби жұмыстарында кітапхана ресурстарын пайдалану мүмкіндігі туралы білді.
Педагогтарға кітап және мерзімді басылымдар, электрондық ресурстар, деректер базасы, сондай-ақ BestProfi анықтамалық-құқықтық жүйесі ұсынылды. Сирек кітаптар мұражайының бірегей басылымдары мен Америка бұрышында 3D принтерде жасалған шығармашылық жұмыстар ерекше қызығушылық тудырды.
Экскурсия мұғалімдерге кітапхананың заманауи ақпараттық, білім беру және мәдени кеңістік екенін көруге мүмкіндік берді, сондай-ақ кәсіби өсуге және өз бетінше білімін жетілдіруге қажетті жаңа ресурстарды таба алатындарына көздерін жеткізді.
@orleu.edu.kz

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП