«Пылающий остров»
23.09.2026
Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында көрнекті фантаст жазушы Александр Петрович Казанцевтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Пылающий остров» атты кітап көрмесі безендірілді.
А. П. Казанцев 1906 жылы Ақмола қаласында (Астана) дүниеге келген. Білімі бойынша инженер, көптеген өнертабыстардың авторы бола отырып ол 1936 жылдан бастап әдеби жұмыспен де белсенді айналысты. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Оның «Пылающий остров», «Подводное солнце», «Планета бурь», «Фаэты», «Клокочущая пустота» және т.б. ғылыми-фантастикалық кітаптары оқырмандар арасында ерекше танымал.
Көрмеде автордың шығармашылығы мен философиялық көзқарастарының ерекшеліктерін ашатын ең танымал шығармалары ұсынылған. Олардың ішінде көпшілігі ғарышты игеруге, батыл ғылыми жаңалықтарға және адамның өркениетті дамытуға деген жауапкершілігіне арналған. ХХ ғасырдың ортасында қиял деп саналған А. П. Казанцевтің кейбір идеялары бүгінде таңғажайып көрегендік ретінде қабылданады. Оның шығармашылығы ғылымды насихаттауға ықпал етті, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықты оятты және оқырмандардың бірнеше буынын болашақ туралы ойлауға шабыттандырды.
Көрме барлық ғылыми фантастика, ғылым тарихы және классикалық әдебиет әуесқойлары үшін, сондай-ақ ХХ ғасырдың ең көрнекті фантастарының бірінің батыл идеялары мен ғылыми қиялының әлемін ашқысы келетіндер үшін қызықты болады.