«Жастар құқық бұзушылыққа қарсы: жетістік формуласы»
17.09.2026
17 қыркүйекте Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттері үшін «Жастар құқық бұзушылыққа қарсы: жетстік формуласы» атты ақпараттық сабақ өткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер құқық бұзушылық пен жауапкершілік ұғымдарын, заңсыз әрекеттердің себептері мен салдарын, сондай-ақ заңға бағынатын мінез-құлықтың маңыздылығын талқылады. Қатысушылар әртүрлі өмірлік жағдайларды қарастырып, оларды шешудің мүмкін жолдарын талқылады және тақырыптық бейнероликтерді көрді.
Кездесу соңында жастар өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, айналасындағыларға құрмет көрсету және заңды сақтау табысты және қауіпсіз өмірдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.