Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жазушы жүрегіндегі қазақ даласы»
11.09.2026
Республикалық «Kitap Time – 2026» кітап фестивалі аясында оқырмандар назарына қазақстандық жазушы, аудармашы әрі журналист Сайын Мұратбекұлы Мұратбековтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Жазушы жүрегіндегі қазақ даласы» атты әдеби портрет ұсынылды.
Кездесу шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің, оқытушылар мен студенттердің басын қосты. Шара барысында қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылығының жарқын беттерін еске алып, оның өмірінде орын алған қызықты деректермен және бұрын көп жарияланбаған мәліметтермен бөлісті.
Қонақтарға жазушының өмір жолы мен шығармашылық белестерін көрсететін деректі бейнеролик, сондай-ақ С. Мұратбековтың шығармалары, әр жылдардағы мақалалары мен газет жарияланымдары жинақталған кітап көрмесі ұсынылды. Кездесу жылы әрі мазмұнды атмосферада өтіп, жазушының тұлғасына және оның әдеби мұрасына деген соны қызығушылық қалдырды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП