Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қылқалам сиқыры»
10.09.2026
10 қыркүйекте Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қостанайлық суретші Наталья Валерьевна Носкованың «Қылқалам сиқыры» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
Наталья Валерьевна мамандығы бойынша – математика пәнінің мұғалімі. Алайда ол бала кезінен сурет салуды жақсы көрді, ал кескіндеме өнері оның әлемге деген көзқарасын білдірудің бір мүмкіндігіне айналды. Суретшінің көптеген туындылары пастель және майлы бояу техникасында орындалған. Кеңістікті қанық түстермен, сыршылдықпен және терең эмоциялық мазмұнмен толықтыратын олар көрерменді бірден баурап алады.
Наталья Валерьевна үшін бұл көрме оның шығармашылық дамуының маңызды кезеңіне айналды. Көрменің ашылу салтанатына кәсіби және әуесқой суретшілер, студенттер, сондай-ақ суретшіні алғашқылардың бірі болып құттықтаған туған-туыстары мен достары қатысты. Осы бір айтулы күні оған жаңа шығармашылық жетістіктер мен шабыт тілеген шынайы тілектер айтылды.
Барша қала тұрғындары мен қонақтарын «Қылқалам сиқыры» көрмесін тамашалап, өнердің әсем әлемімен танысуға шақырамыз! Сіздерді кітапханамызда асыға күтеміз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП