«Отбасы – бақыт мекені»
01.09.2026
1 қыркүйектен бастап Әмбебап оқу залында Отбасы күніне орайластырылған «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Көрмеде отбасылық құндылықтарға, балаларды тәрбиелеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға арналған кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылған. Х. Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» атты еңбегіне ерекше назар аударылды. Бұл кітапта қазақ отбасының ерекшеліктері, оның бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жан-жақты баяндалып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ықпал ететін өмірлік мысалдар келтірілген.
Келушілер сондай-ақ белгілі отандық педагог С. Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие» атты еңбегімен, «Ақ отау» жинағымен, сондай-ақ отбасылық тәрбие, отбасы институтын нығайту және рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау мәселелеріне арналған «Отбасым» журналының материалдарымен таныса алады.
Баршаңызды көрмені тамашалауға және берекелі отбасының – қоғамның әл-ауқаты мен бақытты болашағының берік кепілі екенін еске салатын құнды әдебиеттермен танысуға шақырамыз.
Кітап көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.