«Тіл – халықтың жаны: Ахмет Байтұрсынұлы»
27.08.2026
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ үшін Қазақстан халқы тілдері күніне және көрнекті ағартушы, лингвист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлына арналған ақпараттық-танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара танымдық әрі мазмұнды түрде өтті. Көрсетілген бейнеролик пен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған кітап көрмесіне шолу тілдің халықтың тарихының, мәдениеті мен рухани мұрасының маңызды бөлігі екендігін айқын көрсетті.