14 тамызда Қала күніне және Қостанай облысының 90 жылдығына арналған «KostanayBookFair»кітап жәрмеңкесінің салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу салтанатында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Абилов Е.Ж.,сондай-ақ кітап баспаларының өкілдері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері сөз сөйледі.
Жәрмеңке А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің алдындағы ашық алаңда ұйымдастырылды. «Қасым кітап» (Қарағанды қ.), «Фолиант» (Астана қ.) және «Ахмет Байтұрсынов «Кітап үйі» (Қостанай қ.), «Издательский дом» (Қостанай қ.), «Қарлығаш (Қостаанй қ.) секілді жетекші республикалық және өңірлік баспалар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ең үздік әдеби басылымдарын ұсынды. Кітап сөрелерінен келушілер қолжетімді бағамен түрлі тақырыптағы әдебиеттерді сатып алуға мүмкіндік алады. Келушілерге балаларға арналған ертегілер мен жасөспірімдерге арналған басылымдардан бастап ғылыми-көпшілік, көркем және публицистикалық әдебиеттерге дейінгі көптеген кітаптар ұсынылды.