«Абай – даналықтың дара шыңы»
11.08.2026
11 тамызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай күніне арналған іс-шаралар аясында ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 38 мекемесі» РММ-нде «Абай – даналықтың дара шыңы» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен көп қырлы шығармашылық мұрасына арналды.
Ақпараттық сағат барысында қатысушылар Абай өмірінде орын алған негізгі оқиғалармен танысты, оның әдеби және философиялық мұрасы туралы, шығармаларының қоғамның рухани дамуы үшін маңызы туралы білді. Сондай-ақ кездесу аясында қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелоейтін бейнематериалдар көрсетілді.
Абайдың өлеңіне жазылған «Көзімнің қарасы» әнінің бейнежазбасын тамашалау көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Музыкалық шығарма кездесудің мазмұнын байыта түсіп, Абайдың поэзиялық мұрасының ұлттық музыкалық мәдениетпен тығыз байланысын атап өтуге мүмкіндік берді.
#АбайКүні
#AbaiDay
#абайкүні10тамыз
#абайкүні