Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ойлы жастар – ойлы ел»
20.07.2026
20 шілдеде Әмбебап оқу залында Халықаралық жастар күніне арналған «Ойлы жастар – ойлы ел» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Бүкіләлемдік жастар ісі жөніндегі министрлер конференциясының 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы ұсынысын қолдаған болатын.
Көрмеде қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі, білім беру, көшбасшылық, өзін-өзі дамыту, ғылым және мәдениет мәселелерін қамтитын кітаптар ұсынылған. Ұсынылған басылымдар қатарында жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жан-жақты қарастырылған «Молодёжная политика в Республике Казахстан» кітабы, сондай-ақ түрлі салада жетістікке жетіп, елімізге танылған жас қазақстандықтардың табыс тарихы жинақталған «Лидеры завтрашнего дня» басылымы бар.
Көрме жас ұрпақтың зияткерлік және рухани дамуын қолдауға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Баршаңызды көрмені тамашалауға және ойлануға, армандауға әрі әрекет етуге жетелейтін кітаптармен танысуға шақырамыз.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП