Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Туған жерді бала кезден сүйгенмін»
20.07.2026
Жазушы, аудармашы және журналист Иван Петрович Шуховтың туғанына 120 жыл толуына орай «Мен бұл жерді бала кезден сүйгенмін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме оқырмандарды автордың өмірімен және әдеби мұрасымен таныстырады. Көрмеде жазушының «Дорога к дому», «Время открытий», «Горькая линия», «Родина» секілді белгілі шығармалары, сондай-ақ оның шығармашылығына арналған мерзімді басылымдардағы мақалалар мен материалдар ұсынылған.
Иван Шуховтың шығармашылық мұрасында аудармашылық жұмысы ерекше орын алады. Жазушының аудармашылық шеберлігінің арқасында оқырмандар қазақ әдебиетінің көрнекті классиктері С. Мұқановтың, М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мұстафиннің және Ә. Әбішевтің шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Оның аудармалары мәдениеттер арасындағы маңызды рухани көпірге айналып, қазақ халқының бай әдеби мұрасын сақтауға және кеңінен насихаттауға зор ықпал етті.
Баршаңызды 20 шілде мен 17 тамыз аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП