Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жазда оқылар жаңа кітаптар»
14.07.2026
Жаз – демалу үшін, жаңа әсерлер алып, қызықты кітап оқу үшін тамаша мезгіл. Жаз бойы жұмыс істейтін жазғы абонемент оқырмандарды кітаптар мен жаңа әдебиеттердің қызықты әлеміне шақырады.
Кітап көрмесіне келушілерді кез келген талғамға сай келетін әдебиеттердің мол таңдауы күтеді: бұл жерден қазіргі кездің прозалық туындыларын, классикалық әдебиет шығармаларын, сондай-ақ қызықты фантастиканы табуға болады. Оқырмандарға жаңа білім беретін және ой-өрісін кеңейтетін тарих, медицина, техника, спорт және бизнес әлеміне арналған тақырыптық жинақтар көрменің ерекше атмосферасын қамтамасыз етеді.
Жаз мезгілі – кітап оқудың пайдасын көріп қана қоймай, сонымен қатар нағыз ләззат алатын кезең. Сүйікті кітабыңызды ашып, жаздың шуақты күні мен тыныштығынан рақат алыңыз, таңғажайып оқиғаларға, жаңа білімдер мен жарқын әсерлерге толы әлемге саяхат жасаңыз. Кітаптың оқылған әрбір беті сізге шабыт пен жан жылуын сыйлап, бұл жазды ешқашан ұмытылмас етсін.
Жаз бойы жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП