Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Рембрандт дәуірі»
10.07.2026
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде көрнекті голландиялық суретші және кескіндемеші Рембрандт Харменс ван Рейннің туғанына 420 жыл толуына арналған «Рембрандт дәуірі» кітап көрмесі қойылған.
Көрмеде әлемдік өнердің басты қайраткерлерінің біріне айналған ұлы шебердің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, альбомдар, суретті басылымдар мен мақалалар қойылған. Көрме келушілерді Рембрандттың көркемдік стилінің ерекшеліктерімен, оның әйгілі суреттерімен, портрет өнерімен, жарық пен көлеңкені шебер қолдануын және кейіпкерлер психологиясының тереңдігімен таныстырады.
Көрме көпшілік оқырман қауымына, кескіндеме өнерін бағалаушыларға, студенттерге және өнер тарихы мен адамзаттың мәдени мұрасына қызығушылық танытатын барлық жандарға арналған. Көрме 10 шілде мен 10 тамыз аралығында жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП