«Алтын орда: Ата-баба аманаты»
08.07.2026
8 шілде күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ш. Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының курсанттарына арналған «Алтын Орда: Ата-баба аманаты» атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушыларға Алтын Орданың тарихы мен мәдени мұрасына арналған тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар көрмеге шолу жасалып, курсанттар ұсынылған кітаптармен танысты. Оларға Алтын Орданың тарихы, оның мемлекеттіліктің, мәдениет пен сауданың дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен ақпарат берілді. Көрмеде ұсынылған кітаптар мен материалдар қатысушылардың тарихи мұраны зерделеуге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық тарихты, мәдениетті және рухани құндылықтарды сақтау мен насихаттаудың маңызын айқындай түсті.