«Ағартушылықтың алтын діңгегі»
08.07.2026
8 шілде күні Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ағартушылықтың алтын діңгегі» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Іс-шараға «Орталық» өңір қолбасшылығы әскери бөлімдерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастықтарының аға көмекшілері қатысып, «Ыбырай ізімен» атты танымдық квестте білімдерін сынады. Кеш барысында «Ақ қауырсын» әдеби клубының мүшелері Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Ұлы даланың дара ұстазы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Сондай-ақ, ыбырайтанушы ғалымдар, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов пен ҚР Білім беру ісінің үздігі Биялаш Сүйінкинамен мазмұнды сұхбат ұйымдастырылып, ұлы ағартушының әдеби-педагогикалық мұрасы мен оның бүгінгі қоғамдағы маңызы сөз болды.
Іс-шара соңында танымдық квесттің жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары кітапхана атынан алғыс хаттармен марапатталды.