Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітап және қаламгер»
07.07.2026
Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен оқуды насихаттауға арналған жоба аясында «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер топтамасын жалғастыруда.
Бұл шолуда сіздерді есімі туған елінің ғана емес, оның шекарасынан тыс жерлерде де кеңінен танымал көрнекті қазақ жазушысы Сәбит Досановтың «Хранители сокровенного» атты кітабымен таныстырғымыз келеді. Ол шығармашылық жолында ондаған кітап жазған, әдеби және қоғамдық қызметі көптеген марапаттармен бағаланған қаламгер. Жазушының шығармалары Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға ықпал етіп, халқымыздың ұлттық тарихы мен рухани құндылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік береді.
«Хранители сокровенного» кітабымен танысу Қазақстанның тарихына, әдебиетіне және мәдениетіне қызығушылық танытатын барша оқырман үшін пайдалы болмақ. https://www.youtube.com/shorts/oh3CMQqWc1I

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП