«Ақжан әл-Машани: Дана ғалым, ұлы тұлға»
02.07.2026
2 шілдеден бастап Әмбебап оқу залында қазақтың көрнекті ғалымы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ақжан әл-Машанидің туғанына 120 жыл толуына арналған «Ақжан әл-Машани: Дана ғалым, ұлы тұлға» атты кітап көрмесі жұмысын бастайды.
Көрмеде ғалымның ғылыми еңбектері, геология, геомеханика саласындағы зерттеулері, сондай-ақ оның өмірі, ғылыми жұмысы және рухани мұрасы туралы кітаптар, мақалалар мен материалдар ұсынылған. Олардың ішінде оқырмандарды ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірімен және философиялық мұрасымен таныстыратын Ақжан әл-Машанидің «Әл-Фараби көпірі» кітабы бар.
Көрмеге келушілер өз өмірін ғылымды дамытуға, ағартушылыққа және Әл-Фараби мұрасын зерттеуге арнаған ғалымның көп қырлы тұлғасы туралы толығырақ біле алады. Ақжан әл-Машани Қазақстандағы геомеханиканың негізін қалаушылардың бірі болып танылады және қазақ халқы үшін Шығыстың ұлы философының рухани мұрасын ашқан зерттеуші ретінде танымал.
Кітап көрмесі бір ай бойы жұмыс істейтін болады.