Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды»
01.07.2026
Құрметті оқырмандар, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға ақын, Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» виртуалды акциясын ұсынады.
Мәриям Хакімжанова қазақ поэзиясында аналық мейірім мен елге деген сүйіспеншілікті терең жырлаған көрнекті ақындардың бірі. Оның шығармашылығында Отанға, туған жерге, ұрпақ тәрбиесіне арналған туындылар ерекше орын алады. Солардың бірі «Менің ұлдарым» өлеңі. Бұл шығармада ақын елдің ертеңі болатын жас ұрпаққа деген зор сенімін, олардың білімді, еңбекқор, отаншыл азамат болып қалыптасуын арман етеді. Өлең жас буынды туған елін сүюге, адалдық пен жауапкершілікке, ел игілігі үшін аянбай қызмет етуге үндейді.
Назарларыңызға Серікова Әсел оқыған Мәриям Хакімжанованың «Менің ұлдарым» өлеңінің бейнежазбасын ұсынамыз.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/shorts/WppVXGCNvdY

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП