Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қазақстан Республикасының «Кітапханалық және кітап басып шығару ісі туралы» Заңының жобасын талқылау
19.06.2026
19 маусым күні «Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ базасында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Қарсақбайқызы Сейітовамен кездесу өтті.
Іс-шара оқуға деген мәдениетті дамыту және оқырман ұлт қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Кітапханалық және кітап басып шығару ісі туралы» жаңа Заңының жобасын әзірлеу контекстінде өтті.
Кездесу барысында кітапхана саласын дамытудың негізгі бағыттары, кітапханаларды жаңғырту мәселелері, халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру, сондай-ақ оқырман белсенділігін арттыру мен оқу мәдениетін дамытудағы кітапханалардың рөлін нығайту мәселелері қарастырылды.
Атап айтқанда, еліміздегі кітапханалық және кітап басып шығару ісін одан әрі дамытуға бағытталған жаңа заң жобасының негізгі ережелерін талқылауға ерекше назар аударылды.
Кездесуге Қостанай облысының облыстық, қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары, сондай-ақ облыстық кітапханалардың мамандары қатысты. Талқылау іскерлік және конструктивті форматта өтті. Қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар мен кітапхана желісін одан әрі дамытуға қатысты практикалық ұсынымдар білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП