«Деструктивті діни ағымдар идеологиясының теріс мәні»
17.06.2026
Бүгін Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Деструктивті діни ағымдар идеологиясының теріс мәні» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Тойматаев Дәурен Болатұлы жүргізді.
Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың белгілері мен ерекшеліктері, олардың қоғам мен жастарға тигізетін әсері, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу және радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, рухани және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті аспектілерін талқылауға мүмкіндік алды.