Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер циклін жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға 2001 жылы «Ғалым» баспасынан жарық көрген жерлесіміз 3инаида Чумакованың «Диалектика души» кітабы ұсынылды.
Диалектика – табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы ғылым. «Диалектика души» атты кітапта адамның болмысы, оның сезімдері, көңіл күйі, дүниетанымы, ойлардың тууы мен қалыптасуы зерттеледі. Оқырманды ойлануға шақыра отырып, автор адам табиғатының мәнін, оның күшті және әлсіз жақтарын, іс-әрекеттерінің себептері мен салдарын тануға ұмтылады.
Туған өлкенің мәдениетін оның әдеби мұрасы арқылы тереңірек білу үшін баршаңызды «Кітап және қаламгер» көрмесін көруге шақырамыз. Бұған сізге Зинаида Чумакованың «Диалектика души» атты керемет кітабы көмектесе алады.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=pbfYqBdy1Bc