Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Дүниежүзілік әдебиет жауһарлары»
09.06.2026
Абонементтер бөлімінде әлемдік әдебиетке арналған және мемлекеттік тілдегі басылымдар ұсынылған «Дүниежүзілік әдебиет жауһарлары» атты кітап көрмесі ашылды.
Көрмеде әртүрлі дәуірлер мен елдердің көрнекті жазушыларының шығармалары: У. Шекспирдің трагедиялары, Л. Толстой мен Ф. Достоевскийдің философиялық романдары, В. Гюго, О. Бальзак және Ч. Диккенстің керемет туындылары қойылған. Көрмеде махаббат, парыз, бостандық, әділеттілік секілді мәңгілік тақырыптарды қозғайтын және өмірдің мәнін іздейтін әлемге әйгілі туындылармен: «Война и мир», «Преступление и наказание», «Отверженные», «Гордость и предубеждение», «Сто лет одиночества» және т.б. танысуға болады.
Көрме әлемдік әдебиеттің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді, оның көркемдік құндылығы мен рухани тереңдігін ашады.
Ағымдағы жылдың 09-26 маусымы аралығында жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП