Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ғибратты ғұмыр белестері»
02.06.2026
02 маусым күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Әдеби десант» жобасы аясында Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде ақын, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шаяхмет Ақылбек Қожаұлының 75 жылдық мерейтойына арналған әдеби кездесу өткізді.
Іс-шараға мәдениет саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар қаламгердің шығармашылығымен танысып, оның туындыларына ерекше қызығушылық танытты. Іс-шараға қатысқан Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов мерейтой иесіне ізгі лебізін білдіріп, құрмет белгісі ретінде шапан жапты. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.
Кештің ерекше сәттерінің бірі өнерпаз Арыстан Құрмановтың ақын сөзіне жазылған әндерді орындауы болды. Ән мен жыр тоғысқан тағылымды кездесу көпшілік көңілінен шығып, қатысушылар осындай рухани басқосулардың жалғасын табуына тілектестік білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП