Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақстан Конституциясы: тарих және қазіргі заман»
02.06.2026
02 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Конституциясы: тарих және қазіргі заман» атты құқықтық сағат өткізді.
Іс-шараға философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті Тойматаев Дәурен Болатұлы, сондай-ақ қаланың оқу орындарының студенттері шақырылды.
Кездесу барысында спикер Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы мен дамуын, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті. 02 шілдеден бастап күшіне енетін Конституцияның жаңа редакциясына жеке назар аударылды. Дәурен Болатұлы азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, заңдылық пен мемлекеттің демократиялық даму қағидаттарына қатысты жекелеген баптар мен негізгі өзгерістерді түсіндірді.
Студенттер өздерінің құқықтары, жастардың қоғамдық өмірге қатысуы және азаматтардың мүдделерін қорғау тетіктері туралы белсенді сұрақтар қойды.
Кездесу іскерлік және достық жағдайда өтті, шынайы қызығушылық тудырды және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясына және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған кітап көрмесімен аяқталды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП