Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Біліктілікті арттыру
29.05.2026
30 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шара өтті. Бағдарлама шеңберінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері және өрт сөндіргіштерді пайдалану ережелері, жастар арасында террористік және экстремистік көріністерге қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстары, сондай-ақ кітапханалар жұмысында генеративті жасанды интеллектті қолдануды қоса алғандағы кітапхана саласын дамытудың қазіргі заманғы үрдістері қаралды. Сонымен қатар «ProfiTime» тақырыбымен жаңадан түскен әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Әмбебап оқу залының жас кітапханашысы Қайыркен Аружан «Ұлттық кітап күні және кітапханашылар күні аясындағы хакатон» іс-шарасына қатысуы туралы есеп берді. Іс-шара жас кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыруға және практикалық тәжірибе алмасуға ықпал етті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП