«Мезгілсіз үзілген тағдырлар»
28.05.2026
28 мамырда Өлкетану әдебиеттер бөлімі Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Мезгілсіз үзілген тағдырлар» атты жад сабағын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға кітап көрмесі ұсынылды, сондай-ақ еліміздің тарихи мұрасына ұқыпты қараудың, адам өмірінің құндылығы мен бабаларымыздың басынан кешкендерін ұмытпаудың маңыздылығын атап өткен бейнеролик пен таныстырылым көрсетілді.