Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Встреча друзей» музыкалық клубының концерті
20.05.2026
20 мамырда Қостанай облыстық мүгедектерді оңалту орталығында «Встреча друзей» музыкалық клубының қатысуымен жылулық пен шынайылыққа толы концерт өтті. Бұл кеште залда ерекше атмосфера орнады – әр жүрекке жақын махаббат, өмір, достық және адамның сезімдері туралы сүйікті әндер орындалды.
Клубтың әншілері Шишкова Людмила, Лукьянова Людмила және Кужукеев Утеген көрермендерге шынайылық пен жылулыққа толы жарқын музыкалық нөмірлерді тарту етті. Әрбір орындалған әнге дүрілдете қол соғып, қошемет көрсетілді, ал таныс әуендер қонақтардың қайтып келмес шақтарын еске түсірді. Көрермендер нағыз бірлік пен музыка мерекесінің атмосферасын қамтамасыз етіп, білетін әндерін орындаушылармен қосыла шырқады.
Концерт достармен кездесуге, әңгімелесуге және көңіл көтеруге тамаша мүмкіндік болды. Мұндай іс-шаралар шабыт береді, түрлі ұрпақ өкілдерін біріктіріп, рухани қарым-қатынас жасауға жағдай жасайды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП