Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жүрегінен жырдың кенін ағызған»
18.05.2026
18 мамыр күні «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ өлкетану әдебиеттері бөлімі «Әдеби десант» жобасы аясында Науырзым ауданының Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебінде ақын, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шаяхмет Ақылбек Қожаұлының 75 жас мерейтойына арналған кезекті әдеби кездесу өткізді. Аталған шығармашылық іс-шара өңір кітапханаларында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан әдеби басқосулардың бір бөлігі болып табылады.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары, сондай-ақ әдебиетке қызығушылық танытқан ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар қаламгердің шығармашылығына ерекше назар аударып, оның туындылары мен өлеңдеріне үлкен қызығушылық білдірді. Сондай-ақ шараға Науырзым ауданының әкімі М. Ө. Ихтиляпов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыса, Науырзым ауданы мәдениет қызметкерлері автордың сөзіне жазылған «Қостанай» және басқа да әндерін орындап, кештің мазмұнын айшықтай түсті.
Ауыл тұрғындары мен оқырмандар Ақылбек Қожаұлын жылы қабылдап, алдағы уақытта да осындай шығармашылық кездесулердің жалғасуына ниет білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП