«Қазақстан республикасының Конституциясы: тарихы мен дамуы»
13.05.2026
Әмбебап оқу залы барлық тілек білдірушілерді еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: тарихы мен дамуы» атты кітап көрмесін тамашалауға шақырады.
Көрмеде тәуелсіз Қазақстанның тарихы бойынша материалдар, құқықтық реформаларға арналған анықтамалықтар мен ғылыми басылымдар, конституциялық заңдардың мәтіндері, сондай-ақ елдің конституциялық құрылысының дамуы мен ерекшеліктерін зерттейтін отандық ғалымдардың еңбектері ұсынылған.
Құқықтық мемлекет қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі де, қазақстандық жолдың ерекшелігі де қарастырылатын Сұлтан Сартаев пен Ләззат Назарқұлованың «Становление Конституции Республики Казахстан» кітабына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ экономика мен кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасаудағы Конституцияның рөлі көрсетілетін Р. У. Булекбаеваның «Конституционно-правовые пределы регулирования экономических отношений в Республике Казахстан» атты еңбегі ұсынылған.
Сонымен қатар келушілер ақпарат алудың заманауи форматтарын пайдалана алады: көрмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беретін QR-кодтар қойылған.
Барлық қызығушылық білдірген тұрғындарды еліміздің негізгі заңының тарихымен және қазіргі кездегі нұсқасымен танысуға және құқық пен мемлекеттілік саладағы білімдерін кеңейтуге шақырамыз.