Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Олжас Сүлейменов – әлем адамы»
13.05.2026
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ-нде ақын, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдығына орай «Олжас Сүлейменов – әлем адамы» поэзия сағатын өткізді.
Қонақтар Сүлейменовтің көп қырлы тұлғасымен танысты. Іс-шараға қатысушылар оның жұртқа танымал өлеңдерінен: «Земля, поклонись человеку!», «Глиняная книга», «Безымянная высота», «Аргамаки», «Айналайын», «Маме» үзінділер оқыды. Іс-шарада ақынның мәдени мұрасын насихаттау мақсатында шығарылған «Олжас Сулейменов – голос эпохи и мост между культурами» көп форматты басылымына баса назар аударылды.
Кездесу Қазақстан әдебиетін оқуға деген қызығушылықты арттырды. Поэзия сағаты интеллектуалды түсіністік атмосферасын құруға және «әлем адамының» шығармашылық мұрасына бойлай енуге мүмкіндік берді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП