Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Дәуір дауысы: азамат, ақын, ойшыл»
12.05.2026
12 мамырдан бастап Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК қонақжайында ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Омарұлы Сүлейменовтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Дәуір дауысы: азамат, ақын, ойшыл» атты кітап көрмесі рәсімделді.
Көрме оқырмандарды қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі болып табылатын ақынның өмірбаянымен және шығармашылық мұрасымен таныстырады. Көрмеде автордың әр жылдары жарық көрген поэтикалық жинақтары, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, әдеби мақалалар, замандастарының естеліктері мен дәуірдің тарихи тынысын ашатын материалдар ұсынылған.
Көрме кітапхананың тұрақты оқырмандары үшін де, Олжас Сүлейменовтің көркемдік әлемімен алғаш рет жүздескен жандар үшін де қызықты болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП