«Журналист – ізденістің адамы»
06.05.2026
6 мамыр күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері І. Омаров атындағы қазақ драма театрында ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Оразалы Отынбайұлы Жақсановтың 70 жылдығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде оның журналистика саласындағы еңбектері, сондай-ақ әдеби мұрасы кеңінен ұсынылды. Оқырмандар мен қонақтар автордың кітаптарымен және оның мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларымен танысуға мүмкіндік алды.
Көрме жазушының мұрасын мәңгілікке қалдыруға және жас ұрпақты жазушының шығармашылығымен таныстыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың біріне айналды.