Отан қорғаушы күнімен құтықтау!
06.05.2026
Мамыр айындағы маңызды мерекелер – Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні қарсаңында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қызметкерлерді құттықтау рәсімі өтті.
Кітапхана басшылығы ұжым мүшелеріне кәсіби шеберліктері үшін шын жүректен алғысын білдірді. Салтанатты кездесу жылы және достық атмосферада өтті.
Іс-шара барысында жүрекжарды құттықтаулар айтылып, баршаға зор денсаулық, амандық, бейбітшілік және алдағы жұмыстарына табыс тілеген шынайы тілектер жеткізілді.