«Федоров ауданындағы әдеби десант»
28.04.2026
28 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК Федоров ОАКЖ-мен бірлесе отырып «Әдеби десант» жобасы аясында белгілі қостанайлық суретші-безендіруші Нина Сергеевна Олексюк пен жазушы Алексей Васильевич Олексюктің аудан орталығының оқушыларымен кездесуін ұйымдастырды.
Қонақтар өздері туралы, шығармашылықтары туралы айтып беріп, безендірулер мен өлең құрастыру бойынша қызықты шеберлік сыныптарын өткізді. Кездесу біртіндеп еркін әңгімеге, эмоционалды қарым-қатынасқа ауысты. Оқушылар шығармашылық жайында, сүйікті авторлары, жаңа кітаптарының қашан шығатыны туралы сұрады. Жүректі толқытқан жылы қабылдаудан шабыт алған Н. С. Олексюк пен А. В. Олексюк өз кезегінде барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі және қызықты жауап берді.