«Қазақтың дарабоз жазушысы»
23.04.2026
23 сәуірде ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 38 мекемесі» РММ-нде Ұлттық кітап күні аясында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Қазақтың дарабоз жазушысы» атты әдеби қонақжай өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Ұлттық кітап күнінің пайда болу тарихы, оның кітап оқуды насихаттаудағы және мәдени мұраны сақтаудағы рөлі туралы білді.
Қабдеш Жұмаділовтың өмір жолы мен шығармашылығына көбірек назар аударылды.
Іс-шара автордың белгілі шығармалары және оның өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер көрсетілген бейнематериалмен сүйемелденді.