Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Білім кілті – кітапта»
22.04.2026
22 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында ұйымдастырылған «Білім кілті – кітапта» атты зияткерлік викторина өтті.
Іс-шараның мақсаты кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және жастар арасында кітапты насихаттау болды. Оған Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.
Бағдарлама кітаптың маңыздылығы мен әдебиеттің адам өміріндегі рөлі жайындағы кіріспе бөлімнен, сондай-ақ зияткерлік бәсекелестікке құрылған негізгі кезеңнен тұрды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, білімдарлық, тапқырлық және белсенділік көрсетті.
Іс-шара қызықты және танымдық атмосферада өтіп, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамытуға және ой-өрісін кеңейтуге ықпал етті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП