Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Алаштың айбынды арысы – Мырзағазы Есполов»
16.04.2026
15 сәуірде «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ «Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» мекемесінде «Алаштың айбынды арысы – Мырзағазы Есполов» атты танымдық сағат ұйымдастырды. Іс-шараға университеттің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Кездесу барысында Мырзағазы Есполовтың өмірі, «Алаш» қозғалысындағы рөлі, ғалым, журналист, жазушы-аудармашы, дәрігер және мемлекет қайраткері ретінде қоғамға қосқан үлесі жан-жақты таныстырылды. Алаштанушы, филология ғылымдарының докторы Әбсадықов Алмасбек Ахметұлы М. Есполовтың «Алаш» әскерін ұйымдастырудағы рөлі, сондай-ақ оған жасалған қысым мен репрессиялар туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.
Іс-шара барысында деректі фильм көрсетілді, «Алаш» қайраткерлеріне арналған өлеңдер оқылды, сондай-ақ интеллектуалды квиз ойыны өткізілді. Кездесу тарихи мұраны насихаттауға, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, туған жерді құрметтеуге және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП