Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақстанның киелі жерлері – ұлттық мақтанышымыз»
08.04.2026
8 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазтұтынуодағы Қостанай колледжінің қабырғасында «Қазақстанның киелі жерлері – ұлттық мақтанышымыз» атты тарих сағат өткізді.
Іс-шара студенттердің Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылығын қалыптастыруға, киелі нысандарды танымал етуге және ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған. Кездесу барысында қатысушылар еліміздің бай тарихы мен мәдениетінің символы болып саналатын көрнекті сәулет ескерткіштерімен және бірегей табиғи нысандармен танысты.
Іс-шараға енгізілген интерактивті элементтер – тақырыптық викторина, кітап көрмесі және Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалауға мүмкіндік берген бейнероликті қарау кездесуге ерекше динамика берді. Бұл формат ақпаратты тереңірек қабылдауға, аудиторияның іс-шараға белсенді қатысуына және студенттердің қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Өткізілген тарих сағаты мәдени мұраны сақтау және насихаттау, жастар арасында отаншылдық сезімдер мен рухани құндылықтарды нығайту ісіндегі маңызды қадам болды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП