Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Махаббаттың мәңгілік жырлары»
02.04.2026
Абонементтер бөлімі Қазақстандағы ұлттық Ғашықтар күніне орай «Махаббаттың мәңгілік жырлары» атты кітап көрмесін дайындады. Көрме осы бір керемет сезімнің жан-жақтылығын ашады – нәзік лирикадан бастап ғасырлардан жеткен драмалық оқиғаларға дейін айтып береді.
Қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба мұрасының інжу-маржандары – дала мәдениетінің рухани құндылықтарын көрсете отырып ұлттық дәстүрлердің тереңдігін бейнелейтін «Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн», «Айман-Шолпан», «Қалқаман-Мамыр» лирио-эпостық жырлары ерекше орын алады.
Көрмені қазақстандық жазушылардың шығармалары: Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан», С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат», І. Есенберлиннің «Ғашықтар» романдары толықтырады. Авторлар өз шығармаларында махаббат, адалдық, өзара құрмет және рухани жылулық туралы әңгімелейді.
Әлемдік классикадан көркем сөздің шеберлері В. Шекспирдің «Ромео и Джульетта» шығармасы, А. Пушкиннің лирикасы, сондай-ақ Джейн Остиннің романтикалық прозасы ұсынылған.
Көрме таныс сюжеттерге жаңаша қарауға, поэзияның сұлулығын сезінуге, ғашықтардың басынан кешкен оқиғаларынан ләззат алуға шақырады.
Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП