Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Брайльді білгім келеді»
20.03.2026
«Брайльді білгім келеді»
(Брайль бойынша оқу)

Құрметті пайдаланушылар! Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі кітап оқуды ілгерілету және қолжетімді ақпараттық ортаны дамыту бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын Брайль жүйесі бойынша оқуды үйретуге арналған «Брайльді білгім келеді» атты онлайн оқытуды ұсынады.
Луи Брайль жүйесі көру қабілеті нашар адамдар үшін оқу мен жазудың бүкіл әлем қабылдаған әмбебап әдісі болып табылады. Онлайн оқыту шеңберінде Брайль қарпін кезең-кезеңімен меңгеруге: әліпбиді, мәтіндерді оқу және жазу принциптерін, сондай-ақ бедерлі-нүктелі қаріпті пайдаланудың негізгі ережелерін үйренуге бағытталған бейнематериалдар ұсынылған.
Онлайн оқыту форматы ыңғайлы уақытта және қолайлы жағдайда білім алуға мүмкіндік береді, бұл курсты тілек білдірген барлық пайдаланушылар – зағип және нашар көретін оқырмандар, кітапхана мамандары және т. б. үшін қолжетімді етеді. https://www.youtube.com/watch?v=7LPlgk7dII4

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП